Кабинет

Тіркеліп, сынақ немесе лицензия алыңыз

Алдымен тіркелесіз, содан кейін пакетті таңдап Kaspi арқылы төлейсіз. Төлем расталған соң лицензия коды осы кабинетте шығады.

Жүктелуде…

Қалай жұмыс істейді

Үш қадам

1 · Тіркелу

Аты, WhatsApp нөмірі және құпиясөз. Бір минут.

2 · Пакет пен төлем

Пакетті таңдайсыз, Kaspi арқылы төлеп, «Төледім» батырмасын басасыз.

3 · Код кабинетте

Төлемді тексеріп, лицензия кодын осы бетте көрсетеміз.

Сұрақтар

Кабинет туралы

Неге тіркелу керек?

Өтінім, төлем және лицензия коды бір жерде тұрады: код жоғалмайды, оны кабинеттен қайта аласыз. Сынақ бір нөмірге бір рет беріледі.

Төлемнен кейін код қашан шығады?

Төлемді әкімші Kaspi-дан қолмен тексереді, әдетте жұмыс уақытында бірнеше минут ішінде. Расталған соң код кабинетте өзі шығады, бетті жаңартсаңыз жеткілікті.

Құпиясөзді ұмытып қалсам?

WhatsApp-қа тіркелген нөміріңізден жазыңыз: уақытша құпиясөз береміз, кабинетте өзіңіз ауыстырасыз.

Деректерім қайда сақталады?

Аты, телефон нөмірі, өтінімдер мен лицензия — біздің серверде. Құпиясөз ашық күйде сақталмайды. Деректерді жоюды WhatsApp арқылы сұрауға болады.

DEMESIN PRO-мен бастаңыз

Алдымен 1 800 ₸ (≈ $4, төлем теңгемен) төлеп, бағдарламаны 2 күн сынап көріңіз. Ұнаса, лицензия алыңыз.