Жүктеу
DEMESIN PRO кез келген құрылғыда
Браузерде ашыңыз немесе компьютер мен планшетке орнатыңыз. Өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз.
Android · APK
Pro / Ultra
Телефон мен планшетке
Android 7.0 және одан жоғары. Күрделі 3D жобада планшетті көлденең ұстаған ыңғайлы.Орнату файлының сілтемесі әзір бетке қойылмаған: «Сілтеме сұрау» түймесі байланыс бетіне апарады.
Орнату
Орнату кезінде білуге тұрарлық
Android
APK орнату үшін құрылғы «белгісіз көзден орнатуға» рұқсат сұрауы мүмкін. Орнатқаннан кейін қолданба жүйелік файл терезесі арқылы жобаны сақтайды.
Windows
Орнатқыш дүкенде жарияланбаған және жариялаушы сертификатымен қол қойылмаған, сондықтан Windows ескерту көрсетуі мүмкін.
Mac
DMG ішіндегі қолданбаны Applications қалтасына көшіріңіз. Apple notarization тексеруінен өтпегендіктен, алғашқы ашуда жүйе растау сұрайды.
Алғашқы белсендіруге интернет пен лицензия коды керек. Лицензияны қалай алуға болатыны «Тарифтер» бетінде жазылған. Тарифтер
Браузердегі жобалар жаңа қолданбаға автоматты көшпейді. Бұрынғы редакторда «Жобаны сақтау» арқылы JSON файлын шығарыңыз да, қолданбада «Ашу» арқылы ашыңыз.
DEMESIN PRO-мен бастаңыз
Алдымен 1 800 ₸ (≈ $4, төлем теңгемен) төлеп, бағдарламаны 2 күн сынап көріңіз. Ұнаса, лицензия алыңыз.