3D-конструктор
Бөлмеден бастап, дайын құжатқа дейін бір терезеде
Асүй мен шкафты қадам-қадаммен жинаңыз немесе модульдерді еркін қойыңыз. 3D-де бәрі нақты өлшеммен, ал смета мен раскрой сол геометриядан есептеледі.

Бағыттар
Алты бағыт
Асүй
68 секция: төменгі, жоғарғы, бұрыш, пенал, раковина, азық-түлік сақтау. Антресоль 400–1000 мм.
Шкаф
38 параметрлік нұсқа, ені 600–1200 мм, 0–8 есік, 0–6 тартпа, штанга мен сөрелер.
ТВ аймақ
ТВ тумба, ТВ артындағы панель мен LED, ашық ұяшықтар, рейкалар, қонақ бөлме композициялары.
Санузел
Жуынатын бөлме модульдері мен ванна, санузелге арналған жиһаз.
Кіреберіс
Ені 800–1800 мм модульдер, реечный фон, банкетка, жұмсақ отырғыш пен арқалық.
Жеке модульдер
Жеке шкаф, антресоль, панель, столешница және бос бөлшектер.
Құралдар
Редактор құралдары
Қолмен жұмыс істейтін шебердің әдеті сақталған: санмен енгізу де, тышқанмен сүйреу де бар.
Бөлме жоспары
Өлшемді миллиметрмен енгізіп, қабырға, есік, терезе, колонна мен ойықты қосасыз.
Дәл орналастыру
Қабырғаға жапсыру, 10 мм тор және көрші шкафқа магнит. Alt басып тұрып еркін қозғайсыз.
Бөлшекті өңдеу
Әр бөлшектің ені, биіктігі, қалыңдығы және ығысуы жеке өзгереді. Өзгеріс сызбаға, раскройға және сметаға түседі.
Қатар және айна
Таңдалғанды 1–50 рет көшіріңіз, айнадағы көшірмесін жасаңыз. Топты бірге жылжытыңыз, қатарға қойыңыз, теңестіріңіз.
Столешница және антресоль
Столешница ұзындығы 50–6000 мм, шетін сүйреп өзгертесіз. Антресоль жеке модуль ретінде сақталады.
Колоннаға бейімдеу
Шкафтың тереңдігін колонна тереңдігіне азайтыңыз немесе шкафты алға шығарыңыз.
Тартпа мен фурнитура
Әр тартпаның құрылымы, бағыттауыш, бүйір тіректері жеке бапталады. Фурнитура 3D-де, сызбада және тізімде көрінеді.
Электр схемасы Ultra
Розетка, техника және жарық нүктелері. Тышқанмен жылжытасыз немесе санмен енгізесіз.
Көрсету
Клиентке көрсетіп, нақты жарықпен рендер жасаңыз
- Күндізгі, жылы және студиялық жарық, сапа 32 / 96 / 256
- PNG немесе JPG, 1920 px (4K, 3840 px: Ultra), 16:9, 4:3, 1:1 және 9:16
- LED жарық 2700–5000 K, 9 тұтқа түрі, 40 МДФ фрезеровка
- Адам-аватар есік пен тартпаны қолымен ашады Ultra

DEMESIN PRO-мен бастаңыз
Алдымен 1 800 ₸ (≈ $4, төлем теңгемен) төлеп, бағдарламаны 2 күн сынап көріңіз. Ұнаса, лицензия алыңыз.