Мүмкіндіктер
Жобадан өндіріске дейін бір платформа
Төменде DEMESIN PRO-да қазір бар нәрсе тізілген. «Жаңа» белгісі жақында қосылған мүмкіндікте тұр.
Ultra белгісі бар мүмкіндіктер тек Ultra пакетінде. Қалғаны Standard және Pro-да да бар. Пакеттерді салыстыру
Жобалау
- Бөлме: қабырға, есік, терезе, колонна, ойық, миллиметрмен
- Асүй мен шкафты қадам-қадаммен жинау
- Қабырғаға жапсыру, 10 мм тор, көрші шкафқа магнит
- Қатар көшіру 1–50 рет және айнадағы көшірме
- Столешница 50–6000 мм, антресоль, колоннаға бейімдеу
Материал және баға
- 775 декор қосымшаға кіріктірілген
- Қазақстан бойынша 271 баға позициясы, 146-сында баға ашық (2026-09-24)
- 40 МДФ фрезеровка үлгісі, 9 тұтқа түрі
- Өзіндік баға, коэффициент, жеңілдік, монтаж бен жеткізу
- Баға жетіспесе, есеп «алдын ала» деп белгіленеді
Өндіріс құжаттары
- Клиентке ұсыныс, толық смета, спецификация
- A3 жинау сызбасы және A4 спецификация
- Раскрой: 13 нұсқа, бөлшек тізімі, кромка
- Бөлшек этикеткалары мен CSV есебі
- Экспорт: ArchiCAD · IFC, ArtCAM · DXF, PDF
- Экспорт БАЗИС 2022–2026 үшін (ZIP ішінде import.js) Ultra
Клиентке көрсету Жаңа
- Шынайы рендер: күндізгі, жылы, студиялық жарық
- Бөлме ішінде жүру: бірінші жақтан көрініс Ultra
- Сапа 32 / 96 / 256, PNG немесе JPG, 1920 px
- 4K рендер, 3840 px Ultra
- Кадр 16:9, 4:3, 1:1, 9:16 және сақталатын ракурстар
- Адам-аватар тартпа мен есікті қолымен ашады Ultra
Электр схемасы Жаңа Ultra
- Розетка, техника және жарық нүктелері
- 1, 2, 3 және 4 ұялы розетка белгілері
- Тышқанмен жылжыту немесе санмен енгізу
- 3D көріністе, алдынан көрініс парағында, кестеде
Платформа
- 4 тілде интерфейс: қазақша, орысша, қырғызша, өзбекше
- Браузер, Android, Windows және MacBook Apple Silicon
- Автосақтау және жоба файлы (JSON)
- Орнатылған нұсқаға VS Code не сервер қажет емес
Құжаттар
Смета, сызба және спецификация бір терезеде
Әр құжат 3D үлгіден есептеледі, сондықтан модельді өзгерткенде сызба мен тізім де жаңарады.

DEMESIN PRO-мен бастаңыз
Алдымен 1 800 ₸ (≈ $4, төлем теңгемен) төлеп, бағдарламаны 2 күн сынап көріңіз. Ұнаса, лицензия алыңыз.